PR ЖӘНЕ МЕДИА САЛАСЫНЫҢ КӘСІБИ МАМАНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

PR, медиа және коммуникация саласындағы мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, кәсіби этика мен сапа стандарттарын ілгерілету, сондай-ақ медиакоммуникациялық ортаны дамыту және қоғамның медиасауаттылығын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру.

БІЗ ТУРАЛЫ

PR, медиа және коммуникация саласындағы мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, кәсіби этика мен сапа стандарттарын ілгерілету, сондай-ақ медиакоммуникациялық ортаны дамыту мен қоғамның медиасауаттылығын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру.

Ассоциация Кеңесі

Қауымдастық кеңесі 7 мүшеден тұрады: 2 адам – қауымдастық құрылтайшыларынан. 5 адам – Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы 1 жыл мерзімге сайлайды. Кеңес-ұйымның Даму стратегиясы мен бағыттарын айқындайтын, сондай-ақ Қауымдастық мүшелері мен оның басшылығы арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қауымдастықтың кеңесші-консультативтік органы. Ол қауымдастықтың стратегиялық, этикалық және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, саланың беделін нығайту және ортақ мүдделерді ілгерілету үшін өз мүшелерінің тәжірибесін, беделін және әлеуетін біріктіреді.

Қауымдастық Кеңесінің құрамы

Елена Пак

Елена Пак

Максат Тулегенов

Максат Тулегенов

Айна Задабек

Айна Задабек

Ербол Исмаилов

Ербол Исмаилов

Асель Кожакова

Асель Кожакова

Айбек Смадияров

Айбек Смадияров

Ақерке Берлібай

Ақерке Берлібай

Стратегиялық даму

Кеңес Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды:

  • APRM-ның стратегиясын және жылдық жұмыс күн тәртібін қалыптастырады;
  • негізгі бастамалар мен серіктестік жобаларды қарайды және бекітеді;
  • жаңа комитеттер мен жұмыс топтарын құру бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • Қауымдастықтың ұлттық және халықаралық деңгейлердегі позициялану тәсілдерін келіседі.

Кәсіби стандарттар мен этика

Кеңес кәсіби нормалар мен құндылықтардың дамуын үйлестіреді:

  • Қауымдастық мүшелерінің Этикалық кодексін жаңартып, өзектілігін сақтайды;
  • кәсіби стандарттар мен әдістемелік құжаттарды әзірлеуді бастамалайды;
  • этика мәселелері бойынша келіп түскен өтініштерді қарайды және Төрағаға ұсынымдар береді.

Білім беру және мамандарды дамыту

Кеңес саланың зияткерлік және білім беру әлеуетін қалыптастыру үшін жауап береді:

  • біліктілікті арттыру бағдарламалары мен оқыту курстарын әзірлеуге қатысады;
  • тәлімгерлік және тәжірибе алмасу бастамаларын қолдайды;
  • халықаралық білім беру серіктестіктері мен кәсіби алмасуларды дамытуға жәрдемдеседі.

Сыртқы ортамен өзара іс-қимыл

Кеңес Қауымдастықтың қоғамдық бейнесін және сарапшылық ықпалын қалыптастырады:

  • APRM-ның ашық ұстанымдары мен қоғамдық мәлімдемелерін әзірлейді және келіседі;
  • Қауымдастықтың мүдделерін мемлекеттік органдармен, бизнес-құрылымдармен, медиа және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылда ұсынады;
  • Қауымдастық өкілдерін сарапшылық және консультативтік кеңестерге ұсыну жөнінде бастама көтереді.

Сараптамалық және арбитраждық функция

Кеңес әділдік пен кәсіби этиканың кепілі ретінде әрекет етеді:

  • Қауымдастық мүшелері арасындағы ішкі даулар мен келіспеушіліктерді қарайды;
  • медиация және этикалық бағалау мәселелері бойынша ұсынымдар береді;
  • беделдік және серіктестік тәуекелдерді бағалайды.

Комитеттер мен жобаларды үйлестіру

Кеңес барлық комитеттер мен бағыттардың келісімді жұмысын қамтамасыз етеді:

  • комитеттердің жоспарлары мен басшыларын бекітеді;
  • бірлескен жобаларды үйлестіреді;
  • Жалпы жиналыс шешімдерінің орындалуын бақылайды және комитеттердің бастамаларын Қауымдастық стратегиясына енгізеді.

Қауымдастық комитеттері

этика және өзін-өзі реттеу комитеті

миссиясы: саланың құндылық және кәсіби бағдарларын қалыптастыру.

міндеттері:

  • pr және медиакоммуникацияның этикалық кодексін әзірлеу;
  • өзін-өзі реттеу механизмдерін енгізу;
  • медиа-омбудсмен институтын құру және кейстерді қарастыру.

кәсіби құзыреттер мен стандарттар комитеті

миссиясы: заманауи қазақстандық pr-маманның қандай болуы керек екенін айқындау.

міндеттері:

  • кәсіби стандарттар мен негізгі дағдылар тізімін әзірлеу;
  • мамандар мен агенттіктердің тізілімін қалыптастыру;
  • кадрлық әлеуетті дамыту бойынша ұсынымдар дайындау.

коммуникациялар зерттеулері мен талдау комитеті

миссиясы: индустрияны деректер мен дәлелді ақпаратқа негізделген салаға айналдыру.

міндеттері:

  • негізгі зерттеу бағыттарын айқындау;
  • деректер базасы мен қоғам институттарына деген сенім индексін құру;
  • тұрақты түрде талдамалық есептер даярлау және салалық өлшемдерді құрту.

pr мамандығының мәртебесі мен беделі комитеті

миссиясы: мамандықтың беделін нығайту және қоғамдық мойындауға қол жеткізу.

міндеттері:

  • pr-маманның мәртебесін арттыру шараларын әзірлеу;
  • pr-ды басқарудың стратегиялық құралы ретіндегі рөлін ілгерілету;
  • қоғамда кәсіптің оң имиджін қалыптастыру.

медиа және қоғаммен өзара іс-қимыл комитеті

миссиясы: pr-қоғамдастығы, бақ және қоғам арасындағы сенімді нығайту.

міндеттері:

  • медиа саласымен ынтымақтастық жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  • ашықтық пен контент сапасының стандарттарын арттыру;
  • кәсіби коммуникациялар мәдениетін дамыту.

ЖАҢАЛЫҚТАР

APRM кәсіби мүшеліктің жаңа моделіне көшеді
APRM кәсіби мүшеліктің жаңа моделіне көшеді

01.10.2026

Қазақстан бойынша 300-ден астам маманды біріктіретін PR және медиа мамандарының қауымдастығы (APRM) кәсіби мүшеліктің жаңа моделіне көшеді.

APRM дамуының жаңа кезеңі: басқару органдарының ротациясы
APRM дамуының жаңа кезеңі: басқару органдарының ротациясы

10.09.2026

PR және медиа саласының кәсіби мамандары қауымдастығы (APRM) өзінің ұйымдық дамуының жаңа кезеңін – басқару органдарының ротация жүйесін енгізуді бастайтынын …

PR және медиа саласының дамуына қосқан үлесі үшін: APRM мүшелері жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды
PR және медиа саласының дамуына қосқан үлесі үшін: APRM мүшелері жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды

28.07.2026

APRM Summer Camp 2026 аясында PR, медиа жәнекоммуникация саласындағы кәсіби қауымдастықөкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Summer Camp 2026: Қауымдастықтың төртінші жиналысы қалай өтті
Summer Camp 2026: Қауымдастықтың төртінші жиналысы қалай өтті

28.07.2026

Астанада PR және медиа саласының кәсіби мамандары қауымдастығының (APRM) төртіншіжалпы жиналысы Summer Camp 2026 білім беру интенсиві форматында өтті.

APRM поздравляет коллег с заслуженными наградами
APRM поздравляет коллег с заслуженными наградами

10.07.2026

В преддверии Дня работников связи и средств массовой информации наши коллеги — PR-специалисты, пресс-секретари, сотрудники пресс-служб, журналисты и представители медийной …

PRCA APAC пен APRM ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
PRCA APAC пен APRM ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.03.2026

PRCA APAC пен Қазақстанның PR және медиа мамандары қауымдастығы (APRM) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат қоғамдық байланыстар мен …

Кәсіби қауымдастықтың бір бөлшегіне айналыңыз

АССОЦИАЦИЯНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР

PR, медиа және коммуникация саласындағы жетекші мамандар, Ассоциацияның дамуына зор үлес қосып, кәсіби қоғамдастықтың негізін қалаған тұлғалар.

Бағлан Айдашов

Бағлан Айдашов

Бизнес-аналитик, медиа менеджер

15 жылдан астам тәжірибесі бар бизнес-талдаушы, медиаменеджер және PR саласының сарапшысы. Lada.kz порталының бас директоры.

Ақерке Берлібай

Ақерке Берлібай

PR маманы

PR және коммуникация саласының маманы, бизнес-тренер, коуч және медиа сарапшы. COMMUNIX агенттігінің бас директоры.

Елена Пак

Елена Пак

PR менеджері

20 жылдық тәжірибесі бар PR-менеджер. Коммуникациялар және маркетинг жөніндегі басты директор, AIFC басқарма мүшесі.

Думан Кожахметов

Думан Кожахметов

Медиаменеджер

коммуникация саласының сарапшысы

Махаббат  Садвакасова

Махаббат Садвакасова

PR және медиа маманы

2006 жылдан бері PR және медиа саласындағы маман. MamaSpace.kz және MyBusiness.kz жобаларының негізін қалаушы, PR Drive-тың теңқұрушысы.

КОМИТЕТТЕР ҚҰРАМЫ

Ассоциацияның әртүрлі бағыттары бойынша жұмыс істейтін комитеттер мүшелері

Этикалық нормалар және өзін-өзі реттеу жөніндегі комитет

👤 Комитет төрағасы — Салтанат Әскербекқызы
👤 Айгерим Аргимбаева
👤 Аксулу Сангали
👤 Алия Кантарбаева
👤 Анар Канафина
👤 Асель Аймушева
👤 Асель Алимханова
👤 Дина Букенбаева
👤 Евгения Досанова
👤 Елена Кливец
👤 Ернар Сейтахмет
👤 Махаббат Садвакасова
👤 Меруерт Палмаханова
👤 Руслан Иманкулов
👤 Салтанат Әскербекқызы

Кәсіби құзыреттер және стандарттар жөніндегі комитет

👤 Комитет төрағасы — Колесниченко Олеся
👤 Айгуль Жамалова
👤 Айым Кайролдаева
👤 Аружан Елемесова
👤 Асель Габбасова
👤 Аскар Атагулин
👤 Жалгас Азганбаев
👤 Иван Глущенко
👤 Камила Калиева
👤 Олеся Колесниченко
👤 Руфина Торпищева
👤 Самал Койжанова
👤 Тлек Каналин

Коммуникациялар зерттеулері мен талдау жөніндегі комитет

👤 Комитет төрағасы — Искакова Айнур Болатбековна
👤 Айганым Мустапаева
👤 Айгерим Оспанова
👤 Айгерім Ағылтаева
👤 Айнур Искакова
👤 Акниет Оспанбаева
👤 Александр Керимов
👤 Алмас Мусабеков
👤 Анна Нугуспанова
👤 Асель Кожакова
👤 Асемгуль Сарсембаева
👤 Асия Рузиева
👤 Бахытгуль Джакупова
👤 Бибигуль Мухамеджанова
👤 Богдан Петров
👤 Ботагоз Шайхина
👤 Гүлмира Әшірбекова
👤 Динара Буканова
👤 Динара Киндербаева
👤 Евгения Бекбулатова
👤 Жанар Тулиндинова
👤 Жігер Шуданбеков
👤 Зауре Шубаева
👤 Зеріп Қосым
👤 Марьям Оскар
👤 Меруерт Бүркітбаева
👤 Мирас Иргебаев
👤 Нұрсұлтан Ақжол
👤 Ольга Альтфатер
👤 Перизат Кәрімқұл
👤 Руслан Султанов
👤 Сандугаш Сундетбай
👤 Шырын Туғанбаева
👤 Эльмира Байкулова
👤 Әйгерім Тоқсанбек

PR мамандығының мәртебесі мен беделі жөніндегі комитет

👤 Комитет төрағасы — Айнур Джумадилова
👤 Айгүл Даулыбай
👤 Айнур Байгожа
👤 Айнур Джумадилова
👤 Айнур Каргалинова
👤 Алибек Науаров
👤 Алина Параджан
👤 Алишер Дунгенин
👤 Алтнай Ибраева
👤 Алуа Аширбекова
👤 Анар Кызыкенова
👤 Аружан Мырхиева
👤 Асан Ахметжан
👤 Асель Оразбаева
👤 Ақмарал Еспенбетова
👤 Гульнара Бисари
👤 Гульнара Муханова
👤 Дана Саудегерова
👤 Динара Джолдаспаева
👤 Динара Сапакова
👤 Ляззат Тукушева
👤 Ләззат Өтепова
👤 Мадина Галиакбарова
👤 Мансия Мусатаева
👤 Меруерт Ибраева
👤 Меруерт Шукуева
👤 Молдир Калымбет
👤 Науат Айтуганова
👤 Николай Путилин
👤 Тойгул Жубанисова
👤 Шаира Рахимова
👤 Элеонора Асанова
👤 Әсем Берік
👤 Әсем Исабекова

Медиа және қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі комитет

👤 Комитет төрағасы — Оразымбетова Алия
👤 Абу-Али Алибек
👤 Айгерім Смаилова
👤 Айдана Айтбай
👤 Айдос Рымқұл
👤 Айнур Исабаева
👤 Айсамал Әбілхан
👤 Акмарал Сакурова
👤 Акнур Нургалиева
👤 Александра Волкова
👤 Алибек Ибраев
👤 Алимжан Жантурин
👤 Алия Абдрахманова
👤 Алия Оразымбетова
👤 Алмас Маратұлы
👤 Алтын Мендыбаева
👤 Алтынай Демесинова
👤 Алтынай Досмадиярова
👤 Альмира Мақаш
👤 Алёна Бутенко
👤 Амангельды Смагулов
👤 Анар Магзумова
👤 Анара Кусанова
👤 Анна Мельникова
👤 Ануарбек Бримжанов
👤 Асел Маратова
👤 Асель Аширбекова
👤 Асель Кужахметова
👤 Асия Ерлан
👤 Ақбота Батырбекова
👤 Ақерке Қасым
👤 Ақнұр Бекназар
👤 Бакытгуль Бабаш
👤 Ботагоз Айтжанова
👤 Ботагоз Алдонгарова
👤 Гульдана Байгажанова
👤 Гульмира Шутанова
👤 Гульназия Зарипова
👤 Гульнур Абдгалиева
👤 Данель Ходжаева
👤 Данияр Бигайдаров
👤 Дархан Сагидуллин
👤 Дина Алланазарова
👤 Дмитрий Попазов
👤 Дәулет Әждар
👤 Евгения Михайлиди
👤 Ержан Байтанаев
👤 Еркін Надырқұл
👤 Жазира Асанова
👤 Жулдыз Уваисова
👤 Зарина Мамедова
👤 Кабиба Дарбаева
👤 Лиана Рязанцева
👤 Майра Ерғали
👤 Максат Тулегенов
👤 Махаббат Самрат
👤 Мереке Нурмуханова
👤 Назира Балташева
👤 Наина Эргешова
👤 Нургуль Алина
👤 Ольга Каленичук
👤 Перизат Кірісхан
👤 Разия Ыдырысбаева
👤 Руфат Ильхамжанов
👤 Салтанат Кушербаева
👤 Салтанат Хусаинова
👤 Сымбат Кубекова
👤 Сәуле Аманова
👤 Шолпан Айткожина
👤 Юлия Баскакова
👤 Юлия Елисеева
👤 Қанат Мырзаханов
👤 Қымбат Қадим
👤 Құралай Құрман
👤 Әсем Кенжеғұлова

МАМАНДАР МЕН АГЕНТТІКТЕР БАЗАСЫ

Кәсіби даму, тәжірибе алмасу және саланы бірлесіп дамыту мақсатында бірігіп отырған PR, медиа және коммуникация саласындағы мамандар мен ұйымдар.

Қалпына келтіру

APRM-ге мүше болу құндылығы

Қауымдастыққа мүше болу — жай ғана жабық чатқа қосылу немесе түйіндемеге енгізілетін бір жол емес. Бұл — кәсіби біліктілігіңіз бен тәжірибеңіздің ресми мойындалуы, салалық шешімдерді қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 300-ден астам кәсіби маманды, PR және коммуникациялар басшыларын, медиа өкілдері мен баспасөз хатшыларын біріктіретін мықты кәсіби орта.

Кәсіби мәртебе және біліктілікті растау

  • APRM-нің ресми сертификаттауы арқылы кәсіби біліктілік пен тәжірибені растау және PR мамандарының ашық ұлттық тізілімінде верификациядан өту.
  • Салалық және ведомстволық марапаттарға, соның ішінде «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне кандидат ретінде ұсынылу мүмкіндігі.

Мықты кәсіби орта және нетворкинг

  • Артық ақпарат пен формализмнен ада, кәсіби тәжірибеге негізделген жабық орта: квазимемлекеттік сектор, халықаралық корпорациялар, медиа-холдингтер мен коммуникациялық агенттіктердің тәжірибелі мамандарымен тікелей кәсіби байланыс орнату мүмкіндігі.
  • APRM Summer Camp, көшпелі кәсіби интенсивтер және жабық клубтық кездесулер сияқты арнайы форматтарға қатысу мүмкіндігі.

Салалық күн тәртібі мен кәсіби стандарттарды қалыптастыру

  • Кәсіби стандарттарды, этикалық қағидаттарды және ұлттық зерттеулерді әзірлеуге қатысу мүмкіндігі.
  • 5 бейінді комитеттің жұмысына қатысу, жұмыс тобын басқару немесе өзіңіздің салалық жобаңызды ұсыну мүмкіндігі.

Халықаралық кәсіби орта және мойындалу

  • Халықаралық кәсіби ұйымдармен (IPRA, PRCA) серіктестік аясындағы мүмкіндіктерге қол жеткізу: әлемдік үздік кейстермен танысу, халықаралық кәсіби этика стандарттарын меңгеру және өз сараптамаңыздың Қазақстаннан тыс кәсіби ортада танылуына жол ашу.

Ашықтық және түсінікті қағидаттар

  • APRM жыл сайынғы мүшелік жарнаның қай бағыттарға жұмсалатыны туралы ашық ақпарат ұсынады. 75 000 ₸ көлеміндегі жылдық мүшелік жарна PR мамандарының цифрлық базасының IT-инфрақұрылымын дамытуға, құқықтық және бухгалтерлік процестерді тиісті деңгейде жүргізуге, білім беру жобаларын іске асыруға және Astana Media Week деңгейіндегі ауқымды кәсіби іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталады.

Оқыту және біліктілікті арттыру

  • PR және медиа саласындағы жетекші сарапшылардың білім беру бағдарламаларына, практикалық тренингтері мен шеберлік сабақтарына қатысу арқылы кәсіби дамуға қажетті білім мен заманауи құралдарды меңгеру.
  • Нақты кейстерді талдау және әріптестермен тәжірибе алмасу арқылы стратегиялық коммуникациялар, дағдарыстық коммуникацияларды басқару және БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу бағыттарындағы кәсіби құзыреттерді жетілдіру.

Ашықтық және инвестиция. APRM мүшелік жарнасы қалай жұмыс істейді

Мүшелік жарна — бұл қауымдастыққа кіру үшін төленетін ақы да, жасырын төлем де емес. Бұл — APRM қауымдастығының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі қағидаттардың бірі.

APRM мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды және жекелеген корпорациялардың мүдделерін білдірмейді. Қауымдастық өз мүшелерінің алдында ғана есеп береді. Жыл сайынғы 75 000 ₸ мүшелік жарна — 300-ден астам кәсіби маманның PR саласының инфрақұрылымын дамытуға, мамандардың кәсіби және құқықтық мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Қазақстандағы әрбір PR маманының кәсіби мәртебесін нығайтуға қосатын ортақ үлесі.

Неліктен жылына 75 000 ₸ — өз нәтижесін беретін кәсіби инвестиция

Іс-шаралар және кәсіби даму

Қаражат қандай мақсатқа жұмсалады: Жабық кәсіби сессиялар мен көшпелі интенсивтерді, соның ішінде APRM Summer Camp, Алматы, Астана және Қазақстан өңірлеріндегі воркшоптарды ұйымдастыру. Astana Media Week сияқты ірі кәсіби алаңдармен бірлескен жобалар өткізу және жетекші сарапшыларды шақыру.

Бұл сіз үшін қандай мүмкіндік береді: Жыл бойы ұйымдастырылатын іс-шараларға тегін немесе жеңілдетілген шарттармен қатысу мүмкіндігі. Нарықтағы осындай бір интенсивтің құны 100 000 ₸-ден басталса, мүшелік жарнаның құнын бір іс-шараның өзінде өтеуге болады.

Инфрақұрылым және цифрлық сервистер

Қаражат қандай мақсатқа жұмсалады: PR мамандарының ашық әрі верификацияланған Базасын, жеке кабинетті, резюме платформасын және деректерді қорғау жүйесін әзірлеу әрі қолдау.

Бұл сіз үшін қандай мүмкіндік береді: HR директорлар мен әлеуетті жұмыс берушілердің сіздің кәсіби профиліңізбен тікелей танысуына мүмкіндік. Жеке цифрлық сертификат және еңбек нарығында расталған кәсіби бедел.

Салалық жобалар мен зерттеулер

Қаражат қандай мақсатқа жұмсалады: Коммуникациялар саласындағы зерттеулерді жүргізу, нарыққа қажетті бірыңғай кәсіби стандарттар мен әдістемелерді әзірлеу.

Бұл сіз үшін қандай мүмкіндік береді: Зерттеу нәтижелері көпшілікке жарияланғанға дейін өзекті деректерге қол жеткізу және ұлттық деңгейдегі аналитиканы кәсіби жұмыста пайдалану мүмкіндігі.

Ұйымның құқықтық және әкімшілік тұрақтылығы

Қаражат қандай мақсатқа жұмсалады: Құқықтық сүйемелдеу, бухгалтерлік есеп пен аудитты қамтамасыз ету, сондай-ақ қауымдастықтың комитеттері мен жобаларының жұмысын үйлестіретін әкімшілік команданың қызметі.

Бұл сіз үшін қандай мүмкіндік береді: Қызметі жүйелі түрде ұйымдастырылған, ашық әрі заң талаптарына сай жұмыс істейтін кәсіби қауымдастықтың мүшесі болу. Халықаралық серіктестермен, соның ішінде IPRA ұйымымен ынтымақтастық аясындағы мүмкіндіктерге қол жеткізу.

Халықаралық интеграция

Қаражат қандай мақсатқа жұмсалады: IPRA, PRCA сияқты халықаралық кәсіби ұйымдармен серіктестік пен кәсіби байланыстарды дамыту, қазақстандық PR және коммуникациялар саласының сараптамасын халықаралық деңгейде таныту.

Бұл сіз үшін қандай мүмкіндік береді: Жеке халықаралық мүшелікке қомақты қаражат жұмсамай-ақ, халықаралық кәсіби ортаға шығу, тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды кеңейту мүмкіндігі.

Бүгінде APRM Қазақстанның барлық өңіріндегі PR, коммуникациялар және медиа салаларының 300-ден астам маманын біріктіреді. Қауымдастық мүшелеріне кәсіби тұрғыда дамуға, кәсіби байланыстар аясын кеңейтуге және саланың өзекті күн тәртібінен тыс қалмай, оның қалыптасуына белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

APRM мүшелігі — кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болу ғана емес. Бұл — оның дамуына өз үлесіңізді қосу, кәсіби дауысыңызды күшейту және саламен бірге бірге өсу мүмкіндігі.

APRM-ге кім мүше бола алады?

APRM PR, коммуникация, медиа және сабақтас салаларда қызмет ететін, кәсіби дамуға және кәсіби қауымдастықты қалыптастыруға үлес қосуға ниетті мамандарды біріктіреді. Қауымдастыққа мүше болу үшін келесі талаптарға сай болу қажет:

01

Кәсіби тәжірибе

Коммуникация, PR, медиа немесе сабақтас салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы немесе басшылық лауазымда қызмет атқару.

02

Ұсыным

APRM-ның қазіргі мүшесінен немесе салада танылған сарапшыдан ұсынымның болуы.

03

Қауымдастықтың құндылықтары мен мақсаттары

APRM-ның мақсаттары мен құндылықтарын қолдау, кәсібилік, ашықтық, жауапкершілік қағидаттарын ұстану және саланың дамуына үлес қосуға ұмтылу.

04

Кәсіби бедел

Үміткердің кандидатурасын қарастыру кезінде негізгі талаптармен қатар оның кәсіби жетістіктері, саланың дамуына қосқан үлесі және кәсіби ортадағы беделі де ескеріледі.

Мүшелікке қабылдау қалай жүзеге асырылады?

Форманы толтыру — өтініш беру дегенді білдіреді. Бұл автоматты түрде мүшелікке қабылданды деген сөз емес.

Өтінім жіберілгеннен кейін сіздің кандидатураңыз белгіленген тәртіппен қарастырылады.

Өтінім 10 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Қарау қорытындысы бойынша сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына кандидатураңыз бойынша қабылданған шешім қорытындысы және келесі қадамдар туралы хабарлама жіберіледі.

Маңызды

Мүшелік жарнаны төлеу сіздің кандидатураңыз мақұлданғаннан кейін ғана қолжетімді болады.

APRM мүшелігіне қабылдану тәртібі:

1

Өтінім нысанын толтыру

→
2

Кандидатураның APRM тарапынан 10 жұмыс күні ішінде қарастырылуы

→
3

Электрондық пошта арқылы шешім туралы хабарлама алу

→
4

Кандидатура мақұлданғаннан кейін мүшелік жарнаны төлеу

→
5

APRM мүшесі атану

Ассоциацияға қосылу