28.07.2026 06:14 • 14 просмотров
APRM Summer Camp 2026 аясында PR, медиа жәнекоммуникация саласындағы кәсіби қауымдастықөкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
PR және медиа саласының кәсіби мамандарықауымдастығының (APRM) ұсынысы бойынша ҚРМәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпаратсаласының үздігі» төсбелгісі ақпарат саласын, қоғамдық коммуникациялар мен PR индустриясындамытуға қосқан елеулі үлесі үшін саланың үш өкілінетабысталды.
Жоғары мемлекеттік марапатқа Maqsut NarikbayevUniversity Халықаралық журналистика мектебініңдеканы Айгүл Жамалова, «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөзқызметінің басшысы Меруерт Палмаханова және PRжәне медиа саласының кәсіби мамандарықауымдастығының (APRM) төрайымы Ақерке Берлібайие болды.
Айгүл Жамалова ұзақ жылдар бойы журналистика және телевизия саласында табысты еңбек етіп келеді. Бүгінде нәзікжанды жас журналистерді даярлауға, сондай-ақ Қазақстандағы халықаралық журналистика білімін дамытуға зор үлес қосып жүр.
Меруерт Палмаханованың журналистика жәнеқоғамдық коммуникациялар саласындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Осы уақыт ішінде бұқаралық ақпаратқұралдарында, мемлекеттік органдарда және ұлттықкомпанияларда жемісті қызмет атқарып, бүгінде«ҚазТрансОйл» АҚ-ның корпоративтіккоммуникацияларын дамытуға және компанияныңмедиабеделін нығайтуға бағытталған маңыздыжобаларды жүзеге асыруда.
Ақерке Берлібай қоғамдық байланыстар жәнестратегиялық коммуникациялар саласында 12 жылданастам уақыт еңбек етіп келеді. Оның жетекшілігіменAPRM Қазақстанның барлық өңірінен 300-ден астам PR, медиа және коммуникация мамандарын біріктіргенкәсіби алаңға айналды. Сонымен қатар, қауымдастықмемлекеттік қызметшілер мен коммуникация саласымамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуға белсендіүлес қосып келеді.
Марапаттарды ҚР Мәдениет және ақпарат біріншівице-министрі Қанат Ысқақов табыстады.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі – ақпараттықсаясатты, медиа индустрияны және коммуникация саласын дамытуға қосқан елеулі үлесті, жоғарыкәсібилік пен көпжылдық адал еңбекті айқындайтынжоғары ведомстволық марапат.
PR және медиа саласының кәсіби мамандарықауымдастығы марапат иелерін лайықтымарапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, кәсіби қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктермен саланың өркендеуіне бағытталған маңыздыбастамалардың сәтті жүзеге асуын тілейді.