APRM қатысушыларының саны 250 адамға жетті

16.10.2025 15:39 • 72 просмотров

APRM қатысушыларының саны 250 адамға жетті

АСТАНА — PR және медиа саласының кәсіби мамандары қауымдастығының (APRM) қатары 250 адаммен толықты. Бұл мамандарды біріктіруге, салалық стандарттарды дамытуға және бірыңғай сараптамалық алаң құруға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

«13 тамыз бен 28 қазан аралығында APRM-ге 250 кәсіби маман қосылды. Мұндай өсім – біздің құндылықтарымыз бен миссиямызға деген сенімнің айқын көрсеткіші. Бірақ біз мұнымен шектелмейміз. Біздің мақсат – еліміздегі барлық коммуникация және медиа саласының мамандарын, сондай-ақ қазіргі таңда шетелде – АҚШ-та, БАӘ-де, Түркияда және басқа елдерде жұмыс істеп немесе білім алып жүрген қазақстандық сарапшыларды біріктіру. Біз әрбір маман өз саласының дамуына ықпал етіп, өз маңыздылығын сезінетін қауымдастық құрып жатырмыз», – деді APRM төрайымы Ақерке Берлібай.

Қазіргі уақытта салалық комитеттердің жұмысына қатысу және олардың төрағаларын сайлау бойынша дауыс беру үдерісі жалғасуда. Салалық комитеттер:

1) Этика және өзін-өзі реттеу комитеті;

2) Кәсіби құзыреттер және стандарттар комитеті;

3) Коммуникацияларды зерттеу мен талдау комитеті;

4) PR мамандығының мәртебесі мен беделі жөніндегі комитеті;

5) Медиа және қоғаммен өзара іс-қимыл комитетінен тұрады.

Комитеттер жұмысына қатысқысы келетіндер сілтеме арқылы өтіп, келесі қадамдарды орындауы қажет:

1. Қызығушылық танытқан бір комитетті таңдау;

2. Қалауы бойынша сол комитеттің төрағалығына өз кандидатурасын ұсыну қажет.

Дауыс беру нәтижелері мен комитеттердің толық құрамы қосымша жарияланады.

*Анықтама: APRM – 2025 жылдың көктемінде құрылған қоғамдық бірлестік. Қауымдастық коммуникация, PR және медиа саласында еңбек ететін мамандарды біріктіріп, саланы дамытуға және ашықтық, кәсібилік пен этика қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған. Қауымдастыққа мүшелікке өтінімді aprm.kz сайтында беруге болады.

Байланыс:

Электрондық пошта: aprm2025@gmail.com

Сайт: aprm.kz

Телефон: +7 775 463 9076